Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Аталар» ансамблінің 10 жылдық мерекелік кеші өтті

24.05.2023

905 0

Бүгін «Белсенді ұзақ өмір» орталығы жанынан құрылған «Аталар» ансамблінің «Ардагерлерді ардақтайық!» атты 10 жылдық мерекелік кеші өтті.

Мерекелік шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов арнайы қатысып, айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иелері – ардагерлерді ансамблдің 10 жылдық белесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетіп, ардагерлердің иығына шапан жапты.

– Бұл мерейлі сәт туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген шығармашылық адамдарына деген айрықша ілтипаттың белгісі. Елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, берекесі мен бірлігіне ұйытқы болып, жастарға лайықты үлгі көрсетіп келе жатқан Сіздерге деген құрметім ерекше. Алдағы уақытта да халықпен етене жұмыс жасап, ел мерейін көтерер әндеріңізбен қуанта береді деп сенемін. Киелі өнер жолында қасиетті Сыр өңірін елге танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасы-ордаларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Жақсымұратұлы.

Өнер ұжымы бір сапта еліміздің бірқатар аумақтарында болып, көрермендерді өз өнерлерімен сусындатып келеді. Алғашқыда «Аталар» ансамблі 2013 жылы «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында қызмет алушы 7 ардагерден құралды. Қазіргі таңда ансамбль құрамында 5 түрлі маман иелері өнер көрсетеді. Ермағамбетова Күләй Сағындыққызының бастамасымен негізі қаланған «Аталар» ансамблі республикалық, облыстық, қалалық мәдени шараларға белсене атсалысып келеді және бүгінде республикалық байқаулардың лауреаты атанған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: