Сейсенбі, 14 қаңтар, 03:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

07.12.2024

269 0

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгін қаланың үш аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде Қазалы ауданының шаруалары өз өнімдерін «Шұғыла» мөлтек ауданына орналастырса, Қармақшы ауданы Журба көшесінің бойына, ал Жаңақорған ауданы Астана даңғылының бойында шаһар тұрғындарына базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада өнімдерін ұсынды.

Айта кету керек, апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу бағаны тұрақты ұстауға бағытталған шаралардың бірі. Осы ретте, шаһар басшысы Нұржан Ахатов ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап, жәрмеңкедегі өнім сапасы мен бағасын бағамдап, жауапты сала басшыларына тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: