Жұма, 21 қаңтар, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1810)
18.01.2022
PDF мұрағаты

Ауылдық округтерде аналар кеңесі ашылады

09.06.2021

363 0

Шиелі ауданында «Қыз ұлттың ұяты – халықтың шырайы» жобасы аясында жиын өтті.

Оған Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, кеңестің хатшысы Светлана Крюгер, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева,  аудандық және ауылдық Аналар кеңесінің мүшелері, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің мұғалімдері, ауданның белсенді жастары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды аудандық мәслихат депутаты, кеңес төрайымы Патима Махамбет жүргізіп, алғы сөзінде рухани мықты отбасылардың көп болуы жолындағы маңызды міндеттерге тоқталып өтті.

«Уақыт өте келе қыздарымыз жаман қылықтарға әуестеніп барады. Қыз бала тәрбиесі «ұзын арқан, кең тұсауға» түсіп кеткені қынжылтады. Осы тұрғыда Аналар кеңесінің қолға алған жаңа жобасы өз нәтижесін береді деген сенімдеміз», – деді.

Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова «Бүгінгі күні ең басты мәселе — адам тәрбиесі, оның қоғамдағы алатын орны. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деп ұлы Абай  айтқандай, осы тұрғыда ұлттық рухты, ұлттық сана-сезімді, ұлттық тәрбиені басты мақсат етіп, жастарымызды бірлесіп тәрбиелеуге шақырамын», – деді.

Ал, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева, аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Қалияш Тұрсынова, «Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Гүлдана Жақыпова, аудандық аурухананың дәрігер терапевті Сымбат Парманқұлова   жас ұрпақты дұрыс жолға салу бағытында қолдан келгенше аянбай, өмірді қадірлеуге шақырды.

Мазмұнды кездесуге келген аналар ұйымдастырушыларға алғысын жаудырып, жақында бастау алған жобаның маңыздылығын ескеріп, ақ баталарын берді. Айта кететіні, жиында айтылған ұсыныстарға сәйкес ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде Аналар кеңесі ашылып, жұмыс жасайтын болды.  

#Аналар_кеңесі

#Қоғамдық_келісім

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: