Бейсенбі, 02 мамыр, 07:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Банк алдындағы қарызын 90 күнге кешіктірген жандарға несие берілмейді

27.06.2023

214 0

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатқа сәйкес қарызы бар қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салынбақ. Демек енді банк алдындағы қарызын 90 күннен бері төлей алмаған азаматтарға несие берілмеуі мүмкін. Әрі қаржы ұйымдары проблемалық несиені коллекторларға бермес бұрын борышкерге жаңа шарт ұсынуы керек. Сондай-ақ проблемалық берешекті реттеуді жүргізбеген тұтынушылардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуы ықтимал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатқа сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарына төлемін 90 күнге кешіктірген тұрғындарға кредит беруге тыйым салынбақ. Демек мерзімі өткен борышын өтеу үшін азаматтар қайта қарыз ала алмайды.

Сондай-ақ коллекторлық агенттік қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр. Ол үшін қарыз алушы мен мекеме арасындағы іс-қимыл кезінде коллекторлар қолдана алмайтын әрекеттер тізімі бекітіледі. Әрі қызметі де оңтайландырылады. Бұл түзетулер тұтынушылардың құқығын қорғауға көмектеседі. Қазір құжат қоғам талқылауына шығарылған. 

Бұдан бөлек мерзімі өткен берешегі бар тұтынушы 1,5 жыл ішінде қарызын реттеуге күш салуы қажет. Болмаса проблемалық борышы коллекторларға сатылады. Ал коллекторлық агенттіктер алдымен сатып алған берешегін реттеуге міндеттеледі. 

“Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 18 ай ішінде проблемалық несиені реттеуді жүргізбеген жеке тұлғалардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуды енгізу”, – делінген агенттік хабарламасында. 

Ал қарызды өндірерде заңсыз әрекеттерге барған коллекторлар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл коллекторлық агенттіктердің қызмет көрсету сапасын жақсартады. Әрі берешекті сотқа дейін реттеу институтының рөлін күшейту көзделіп отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: