Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бақытты балалық шақ

01.06.2023

620 0

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға тәрбиеленушілердің ата-аналары мен Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Жылқаманова Гульзинат Рысбекқызы, әділет сержанты Жахман Ақбота Сәрсенқызы келіп балаларға мерекелік сыйлықтар мен тәттілер үлестіріп берді. Мереке қарсаңында жақсы көңіл күй сыйлаған балалар пробация қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
-«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген даналық сөз бар. Халықаралық балаларды қорғау күні – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін күн. Бүлдіршіндердің жүзінен күлкі көру – біз үшін ерекше бақыт. Осы мақсатта игі бастаманы қолдап, пробация қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Әр сәбиге бақытты балалық шақ тілейміз,-деді пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Г.Жылқаманова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: