Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Барлық игілік ел үшін

02.10.2023

778 0

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай аймақта ардагерлерге құрмет көрсетілді. «Қарттарым – асыл қазынам» атты  шараға облыс бойынша түрлі салада еңбек еткен 60-қа жуық ардагер жиналды.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған жиында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбетов ардагерлерге қаладағы қайта жаңғыртылған, жаңадан бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысанның құрылыс жұмысын таныстырды. Қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан теміржол вокзалынан бастау алған шара әрі қарай Ә.Мүсілімов атындағы №101 меткеп-лицейінде жалғасты. Биыл аталған білім ошағының жанынан 375 орындық бастауыш сыныптарға арналған қосымша ғимарат бой көтерген болатын. Білім күні қарсаңында ел игілігіне берілген білім ошағы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жас өрендердің сапалы білім алуы, шығармашылық дамуы үшін барынша мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау, дыбыстық хабарлау құрылғылары орнатылған.

Мұнан соң ардагерлер Абай даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы абаттандыру жұмысымен танысты. Жаңа кейіпке енген аулада 4 автотұрақ, 8 демалыс орны, 4 ойын, спорт және футбол алаңдары салынып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Ал оның жүзеге асуына демеушілердің қолдауы сеп болған.

Биыл аймақта 7 қабатты тұрғын үйлердің іргесі қаланды. Құрылыс жұ­мыстары жүргізіліп жатқан тұрғын үй аумағына ат басын бұрған ардагерлер бастамаға сәттілік тіледі. Сол жағалауда салынып жатқан 7 қабатты тұрғын үйлер 504 пәтерден тұрады. Жоспар бойынша әрбір үй лифтімен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үйлер келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қала аумағындағы құрылыс ау­мақтарын аралаған ардагерлер қауымы мұнан соң «Қорқыт ата» әуежайы терминалының құрылыс алаңына бар­ды. Халықаралық стандарттарға сай бой көтерген жаңа әуежай терминалы жылына 220 мың жолаушыны қа­былдайтын болады. Сондай-ақ жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаймақ. Жоба құны 25 миллион долларды құрайды. Ал 7500 шаршы метрлік алаңы бар терминалда телескопиялық трап екі қабатты бо­лады. Жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға да ыңғайлы болуы үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылмақ. Жыл­дам әрі жайлы қызмет көрсету үшін өзін-өзі тіркеу бағандары орна­тылып, жүктерді беру және өңдеу авто­маттандырылады деп күтілуде. Меценат «Болат Өтемұратов қоры» іске асырып жатқан әуежай құрылысы келер жылы аяқталады. Ал  облыс әкімдігі бөлген 5 млрд теңге қаражатқа әуежай аумағы абаттандырылып, қажетті инфра­құрылым жүргізіледі.

Осы күні облыс орталығындағы «Неке сарайы» мен «Анаға тағзым» орталығы ашылып, ардагерлер оған да қатысты.

Жаңа ғимараттардың ашылу сал­танатына куәгер болып, қала құры­лысының барысы мен дамуын бағамдаған аймақ ардагерлеріне ар­налған шара мұнан соң «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік жиынға ұласты.

А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: