Дүйсенбі, 04 қараша, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Бейбіт атомның артықшылықтары

24.09.2024

229 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Бүгін Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде «Бейбіт атомның артықшылықтары» тақырыбында «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты БАҚ өкілдерімен ТЕDx форматында кездесу өтті.

БАҚ саласының өкілдері биліктің төртінші буыны деп бекер айтылмаған. Қоғамның өзекті мәселелерінен бұқараны хабар қылып, толассыз ақпарат ағынында сарапталған мақалалар мен сюжеттерін халыққа ұсынып келеді.

Жиында қалалық халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықжаев Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанын, энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Дегенмен, жерасты қорларының да сарқылар уақыты таяу. Демек, жасыл энергия сатысына көшетін кез келді. Осы орайда Мемлекет басшысының АЭС салу ұсынысы оның көрегенділігі, ал халықтың таңдауына бергені – саяси стратегиялық қадам деп түсінуіміз керек», – деді Ибадулла Құттықжаев.

Қазір әлемнің алпауыт елдері дамыған, озық технологияларының көмегімен халықтың әлеуетін, ішкі экономикасының тиімділігін арттыруда. Оның ішінде уран өндірісінен туатын атом энергиясы да бар. Қазір ғалымдар атом станциясының соңғы моделін, яғни «3+» буынын ойлап тапты. Бұл механизм суды да аз қажет етеді. Қоршаған ортаға да зияны тимейді, әрі көп мөлшерде энергия өндіреді деп отыр. Бұл орайда сөз алған штаб мүшесі, Мұхиджан Кәрімбаев энергетика саласы маманы ретінде кеңінен ақпарат беріп өтті.

«Қазір энергияның басым бөлігі көмірден өндіріліп жатыр. Алайда өндірлегн өнімнен ауаға тарайтын улы газдың да үлесі көп. Оның үстіне ғаламның климаты өзгеріп, келешекте көптеген мәселелер туындауы мүмкін. Париж конвенциясы бойынша көмірден электр қуатын өндіруді шектеп, 2060 жылға дейін мәселені оңтайлы шешу шаралары қабылдануда. Негізенен электр қуатын жел, су, күн сәулесінен көздерінен алуға болады. Алайда бұлардың барлығы тұрақты энергия көздеріне жатпайды»,-деді ол.

Басқосуда сала өкілдері де атом энергиясының тиімді тұстары төңірегіндегі өз ойларын ортаға салып, жалпы референдумның ел болашағы үшін маңызды қадам болмағын тілге тиек етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: