Сәрсенбі, 27 қараша, 15:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Белгілі айтыскер Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті

05.07.2021

1129 0

Бүгін танымал айтыскер ақын Әселхан Әлішеріқызы Қалыбекова 71 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақын Бекарыс Шойбеков әлеуметтік желіде хабарлады.

“5 шілде 08:30 шамасында елімізге танымал айтыскер ақын, ұлысымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстіктің төл перзенті, «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Қазақстанның Халық ақыны» атағының иегері Әселхан Әлішеріқызы Қалыбекова 71 жасында дүниеден өтті”, – деп жазды ол желіде.

Белгілі болғандай, марқұмға созылмалы жүрек шамасыздығы диагнозы қойылған.

Ақынмен қоштасу рәсімі 6 шілде Шәуілдір ауылында өз шаңырағында өтеді.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында туған. Қазақ КСР-нің Халық ақыны (1990) атағын алған. Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: