Жұма, 19 сәуiр, 16:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Бетперде таратты

14.04.2021

1640 0

Арал аудандық пробация қызметі аудандық жастар ресустық орталығымен, қоғамдық бірлестіктермен, ерікті жастармен бірлесіп, сотталғандарды әлеуметтендіру бағытында жұмыстар атқаруда.

Бұл жолы Арал аудандық пробация қызметкерлері мен Жастар ресустық орталығының ерікті азаматтары пробация есебіндегі сотталғандардың үйін аралап, қазіргі елімізде белең алған қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шараларын түсіндірді. Коронавирустан қорғанудың ең дұрыс жолы жеке бас гигиенасын сақтау, қол мен бетті таза ұстау, адам көп жиналатын жерлерге бармау, медициналық маска тағып, оны ауыстырып отыру қажет екендігіні айтылып, 10 отбасыға бетперде таратты.

Осындай игі істер арқылы көпшілікке ой салуды көздеген ерікті  жастар  індеттің таралмауына үлес қоссақ дейді.

Көмек алған отбасылар пробация қызметкерлері мен ерікті жастарға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: