Дүйсенбі, 24 маусым, 13:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Биыл 1000-нан астам бала «Қамбашта» демалады

01.06.2022

884 0

«Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы осы маусымда 7 ауысым бойынша 1000-нан астам баланы жазғы демалыспен қамтиды. Сондай-ақ, лагерь биыл республикамыздың басқа облыстарынан да балаларды қабылдайтын болады. Бұл туралы Қамбашта журналистер үшін өткізілген көшпелі брифингте орталықтың директоры Қалиев Рахан мәлімдеді.


Биылғы балалар жылына орай «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық» атты жазғы маусымның ашылу салтанатын 1 маусымға жоспарлап отырмыз. Лагерь бағдарламасында балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып топтарға бөліп, тәрбиешілер мен үйірме жетекшілері балалармен белсенді жұмыс атқарады. Сонымен қатар аталмыш орталық балаларды демалыспен қамтумен қатар «Робототехника», «Намыс» әскери-патриоттық клубы, «Happy Englsh», «Золотой ключ» тілдік үйірмелері, «Спортпен достас», «Бассейінде жүзу» үйірмесі, «Алтын сөз», «Дизайн», «Жас пікір сайысшылар клубы», «Шұғыла» би үйірмелерін жүргізетін болады. Әрбір тынығушы өздерінің қалаған үйірмелеріне барып, өз уақыттарын тиімді, әрі қызықты өткізуіне жағдай жасалынған, – деді Рахан Байтілесұлы.


Лагерь ауысым ұзақтығы 10 күн құрайды. Орталықта бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға уақытылы 5 мезгіл дәруменді тамақ беріледі. Сондай-ақ, мұнда сауықтыру шарасын ұйымдастыру мақсатында тіс емдеу кабинеті мен тіс дәрігері және дәрігер-педиатр жұмыс жасайтын болады.
Сонымен қатар мектеп туризмін дамыту үшін жазда тынығуға келген балалар еліміздің тарихын, мәдениеті мен өлкетануын таныстырып, насихаттау мақсатында Арал, Қазалы қалаларындағы мұражайларға, Байқоңыр қаласында орналасқан «Байқоңыр ғарыш айлағы» және «Қорқыт ата» кешеніне саяхаттайды.


Айта кетейік, балалар демалысынан соң мұнда Қамбаш family отбасылық лагері ұйымдастырылады. Қамбаш көлі жағасындағы бір апталық бұл лагерь бағдарламасы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 4-13 жастағы балалары бар отбасылар үшін жасалды. Балалардың қызығушылығы бойынша үйірмелер, ата-аналарға семинарлар мен мастер-кластар, отбасылық арт-терапиялар, түрлі ойындар мен мәдени шаралар ұйымдастырылатын болады.
Отбасылық лагерь – бүкіл отбасы болып керемет бірлескен шығармашылық тәжірибе жинақтауға, өмірді балалар көзімен көріп үйренуге, отбасы ішінде үйлесімді және бақытты қарым-қатынас орнатуға керемет мүкіншілік, – деді Қалиев Рахан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: