Жексенбі, 28 сәуiр, 09:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Биыл 563 мың жаңа жұмыс орны ашылған

12.12.2022

438 0

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында 563 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Негізгі азық-түлік тауарларымен толықтай ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін орта мерзімді Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоспары іске асырылуда. Биыл бірқатар азық-түлік тауарлары бойынша өндірістің айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді. Бұл бағытта маусымаралық кезеңде азық-түлік тауарларының инфляциялық процестерін тежеу үшін форвардттық қаржыландыру кеңінен пайдаланатын болады. Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы іске асырылуда. Табысты қолдау аясында 3 млн-нан астам адамның жалақысы көтерілді», – деді ол.

Дәрігерлердің жалақысы – 30 пайызға дейін, мұғалімдердікі – 25, бюджет сферасының басқа қызметкерлерінің жалақысы – 20, өндірістік персоналдың жалақысы 10-50 пайыз аралығында ұлғайтылды. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде биыл 11 айда 563 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Премьер-Министрдің айтуынша, бұл жоспардан 27 пайызға көп орындалған.

«Республикалық бюджеттің кірістері 11 айда 101,9 пайызға орындалып, 9,7 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдан 46 пайызға көп. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс халықаралық сарапшылардың оң бағасын алуда. Standard and Poor’s және Fitch агенттіктері Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингісін инвестициялық сенімділік деңгейінде растап отыр», – деді Үкімет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: