Конституция

Сейсенбі, 07 шiлде, 21:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50 (2262)
04.07.2026
PDF мұрағаты

Биыл Қазалыда 4 ауыл көгілдір отынға қосылады

07.07.2026

33 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазалы ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Биыл аудан үшін маңызды жобалардың бірі мәресіне жетіп, қазан айында төрт ауыл көгілдір отынға қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов мәлімдеді.


Спикердің айтуынша былтыр Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев ауылдарына газ жеткізетін сыртқы газ құбырларының құрылысы толық аяқталды. Жалпы құны 3 млрд 733,5 млн теңгені құраған бұл жоба ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтудағы маңызды кезең болды.

«Ал биыл республикалық бюджеттен бөлінген 680 млн теңге қаржы есебінен Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев ауылдарында орамішілік газ желілерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев ауылдарына тиісті қаржысы бөлінді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, қазан айында аталған төрт ауыл көгілдір отынға қосылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қазалы ауданында халықты табиғи газбен қамту деңгейі 77,6 пайызды құрайды. Жоспарланған төрт ауыл толықтай газ желісіне қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 86,3 пайызға дейін өседі. Демек, мыңдаған тұрғынның тұрмыс сапасы жақсарып, экологиялық таза әрі үнемді отынға қол жеткізу мүмкіндігі артады», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Газдандыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Жалпы құны 4,5 млрд теңгені құрайтын Жанкент, Бірлік, Қожабақы және Аранды ауылдарына магистральдық газ желілерін жеткізу жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Сонымен қатар Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылында автоматтандырылған газ тарату стансасын салу жобасы әзірленді. Бұдан бөлек, Ақсуат пен Байқожа ауылдарына орамішілік газ желілерін жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Алдағы уақытта бұл жобаларды іске асыру арқылы ауданның газдандыру деңгейін одан әрі арттыру көзделіп отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: