Сәрсенбі, 22 мамыр, 01:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

«Болмайтын рәсім ғой»: Мөлдір Мұқанова тағы да сынға қалды

20.06.2023

681 0

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова «келін шай» жайлы ән жаздырып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Әзілкештің жары видеоны Instagram желісінде бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ. «Әулеттің барлық келіндері қаз-қатар тізіле қолдарына шәйнегін алып, меймандарымызға шай құйды. Кейін видеодан қарап отырсам, өте әдемі көрініс екен. Барынша әдемі болсын деп, «келін шай» әнін жаздырдым. Келген қонақтарымыз дән риза болып қайтты. Бағасын беретін өздеріңіз», – деп жазды Мөлдір Мұқанова парақшасында. Ал желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованың ән айтқанына түрлі пікір білдірді. «Ұялмаған әнші болады деген», «Бұл да әнші болып кеткен бе?», «Сөзін анық айтпайды екен», «Болмайтын рәсім ғой, шығармайтындары жоқ», «Түсінген адам бар ма», «Билей берсін. Дұрыс, ұзатсын. Ұнамаса қарамаңыз». «Енді бәріміз келін шай құйдырып әлек боламыз», «Мөлдірдің қыз ұзатқаны дұрыс. Көпбалалы ана», «Қазақстанда жаңа тренд», – деп жазды желідегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: