Сәрсенбі, 07 желтоқсан, 22:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

29.08.2021

650 0

Бүгін елімізде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қаза болған азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық аза тұту күнін 28 тамызда республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады. Ол қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін және ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Бұл күні мемлекеттік ту аза тұту мерзімі аяқталғанша тутұғыр биіктігінің жартысына дейін түсіріледі.

Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағыоқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

Төтенше жағайлар министрлігінің мәліметі бойынша, оқиға орнына ең жақын орналасқан 3 елді мекенде 1086 адам тұрады. Жарылыс кезінде олардың 710-ы облыс орталығына эвакуацияланған.

Жалпы оқ-дәрі қоймасындағы өрттің кесірінен база аумағында оннан астам жарылыс болған.

Тағы да оқыңыз: