Сейсенбі, 07 мамыр, 04:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 19 маусым күні сізді не күтіп тұр

19.06.2023

568 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Күннің екінші жартысы жеке қарым-қатынасқа ұнайтын өзгерістер әкеледі. Жұлдыздар сіздің жағыңызда, сондықтан бастаманы өз қолыңызға алудан қорықпаңыз. Барлығын жүрекке жақын қабылдамаңыз. Қиындықтардың орын алуы – қалыпты жайт. Өзіңізді-өзіңіз жей бермеңіз, сонда кімді болса да оңай жеңе аласыз.

 Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Отбасылық бюджетті жоспарлауға қолайлы күн. Ешкіммен жарыспаңыз және айтыспаңыз, өйткені сіз уақыт пен күш-жігеріңізді босқа жұмсайсыз. Спортзалға бару жеңілдеуге көмектеседі.

 Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Ерлі-зайыптылар арасында бала тәрбиелеу әдістеріне қатысты жанжалдар жиі болып тұрады. Балалар психологиясы туралы кітапты бірге оқуға келісіңіз, бірақ әзірше балаларды саябаққа серуендеуге апарыңыз. Сұлулық стандарттарының қалай өзгергені және өзгеріп жатқаны туралы YouTube арнасындағы танымал бейне-роликтердің бірін қараңыз. Бұл олардың қаншалықты жасанды, мағынасыз екенін және ондай стандарттарды қуудың еш мәні жоқ екенін түсінуге, өзіңізге ұнайтын нәрсеге көбірек назар аударға тырысқаныңыз жөн екенін ұғынуға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс жасауды ойласаңыз, бүгін оны жүзеге асыруға тамаша күн. Егер сіз ұзақ уақыт бойы дәрігерге баруды кейінге шегеріп жүрсеңіз, бұл оны бұдан былай кейінге қалдыруға болмайтындығының белгісі. Өз денсаулығыңызды күтіңіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін өзіңізге жаңа маусымдық зат сатып алудың тамаша күні. Кез келген кездесу сізге жақсы көңіл-күй сыйламақ. Достармен араласып, оларға көбірек уақыт арнаңыз, дүкен аралаңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Үйде барлық уайымнан арылуға болатын «жайлы бұрышты» жабдықтауға тырысыңыз. Бұл жерге жастықтар мен көрпе қойыңыз, жарық қосыңыз (майшам, гирлянда немесе шамдар) және сүйікті кітаптарыңызды тізіп қойыңыз. Бұл күнделікті бірсарынды өміріңізді түрлендіреді. Әр нәрсені байыппен шешуге тырысыңыз. Қателік жібермес үшін, жауапкершілікке баса мән беріңіз.

 Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Басқа істің бәрін қойып, отбасыңызға уақыт бөліңіз. Жақын жандарға жылулық жетіспейді. Мамандығыңыз бойынша сертификат беретін онлайн курстарға назар аударыңыз: кәсіби саладағы білімнің мұндай дәлелі еңбек нарығындағы құндылығыңызды айтарлықтай арттырады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызбен естелікке толы жылы кеш өткізіңіз, ескі суреттерді ақтарып, альбом қараңыз. Болмаса сүйікті отбасылық фильмді бірге қараңыз. Сөмкеңізде жиналған қоқысты лақтырып, қажет емес нәрсенің барлығын алып тастаңыз, сонда кілттеріңізді, әмияныңызды және ұялы телефоныңызды қажет болған кезде сөмкеңізден тез таба алатын боласыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Көңіл көтеру, бос уақытты қызықты өткізу тәсілі ретінде үстел ойындарына назар аударыңыз: бұл достарыңызбен және отбасыңызбен уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Егер өзіңізді спортпен айналысуға мәжбүрлеу қиын болса – достарыңыздың біріне сізбен бірге жаттығуға баруды ұсыныңыз. Осылайша сіз бір-біріңізге мотивация бересіз.

 Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бұл күнді қолайлы деп атауға болмайды, бірақ сізде көп нәрсені істеуге уақыт болады. Не істесеңіз де, арманыңызды ұмытпаңыз. Енді сіз қуатыңыз бен күшіңіздің арқасында жоспарыңызға оңай қол жеткізе аласыз. Көптеген қызықты және ерекше идея ұсынасыз, бірақ әріптестеріңіз бен басшыңыз мұны дұрыс қабылдамауы мүмкін. Сол себепті басында өз иделяарыңыздың дұрыс екенін дәлелдеуге тура келеді.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізде қарсы көрсетілімдер болмаса, ас мәзіріңізге ферментке бай тағамдарды көбірек қосыңыз, оның құрамынада пайдалы заттар көп. Жақындарыңыздың жүзіне қуаныш ұялату үшін ақша шығындаудан қорықпаңыз. Олардың қуанышы екі есе болып қайтады.

 Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Телефоныңызды артық ақпараттан тазартыңыз: қажет емес контактілерді, хабарламаларды, фотосуреттерді, скриншоттарды және қосымшаларды өшіріңіз. Бұдан ерекше ләззат алатыныңыз анық. Күмәнді мәмілелер жасамаңыз, қаржылық жағдайыңызды тез жақсартуға тырыспаңыз, шығындарды азайтыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: