Бейсенбі, 25 сәуiр, 03:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бұл әділ және ашық сайлау болды – Ерлан Қошанов (видео)

29.03.2023

640 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар сайлауының қорытындысына баға берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Халық дауыс берді. Менің ойымша, бұл әділ және ашық сайлау болды. Amanat партиясының 53,9% алғаны бұл шынымен де лайықты жеңіс. Біз өзіміздің партияластарымызбен бірге өңірлерді аралап шықтық, әр еңбек ұжымымен кездестік, қолдауымды сезіндім. Біз 53,9% жинадық, бұл біздің лайықты жеңісіміз», – деді Ерлан Қошанов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып. 

Мәжіліс төрағасы сайлаудың нәтижесі мен ұйымдастырылуына наразы болғандарға қатысты пікір білдірді. 

«Наразылық білдіргендерге келетін болсақ, мен қазір айта алмаймын. Мен тек “Amanat” партиясының төрағасымын. Әрине ұтылғандар қашан да наразылық танытады. Менің ойымша, барлық жерде үлкен шу жоқ. Мүмкін жеңілгендер бір жерге жазып жатқан шығар, ренжіген шығар, бірақ бұл түсінікті”, – деді Ерлан Қошанов. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: