Бейсенбі, 02 мамыр, 04:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Дәулет Мұқаев депутат қызметіндегі жалақысы қанша екенін айтты

24.04.2023

826 0

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «Battle сөз» бағдарламасында қонақ болып, депутат қызметіндегі жалақысы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәулет Мұқаев депуттаттық қызметі үшін алғашқы 20 күнге жалақысы түскенін айтты.

«Аванс ретінде беріледі екен. Оның барлығы мемлекеттік қызметтегі тәжірибеге байланысты есептелетін секілді. Осы уақытқа дейін жасаған еңбек өтілі барлығы ескеріледі. Блогерлік, телевизия саласында жүргеннен кейін мен ешбір мемлекеттік қызметте болмадым. Сол алғытөлем 20 күнге шамамен 371 мың теңге түсті» , – дейді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.

Одан өзге депутат арнайы берілетін мемлекеттік көлік туралы айтты.

«Көптеген адам депутаттың өзінің жеке көлігі болады деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес. Тек жұмыс уақытында пайдаланамыз. Ал сенбі, жексенбі күндері пайдаланатын болсақ, сол кәдімгі такси шақырғандай боласың. Ол үшін 5 мың теңге төлейсің» , – дейді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: