Жақында«Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі мейірімге толы азаматтардың қолдауымен тағы бір мұқтаж отбасыға баспана сыйлады.
Көпбалалы ана Айгүл биыл өмірлік жарынан айырылып, қайғыдан қара жамылды. Әкенің ізін бағып артында төрт бірдей бала қалды. Бұл отбасы Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкқайнар ауылында қирауға шақ қалған үйде тұрып келген. Үйдің үлкені 7-сыныпта оқиды, кенжесі – 6 жаста. Енді бұл отбасының көпшілік сыйлаған құтты үйі бар.
Қор бір айдың ішінде осы отбасы тұрған ауылдан 8 млн теңгеге 20 соттық жері бар 6 бөлмелі баспананы алды. Моншасы, арнайы жаздық асханасы бар. Сондай-ақ 1 млн теңгеге үйді тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар және басқа да қажетті заттармен толықтырды.
Айта кетейік, ауыл әкімінің қолдауымен енді бұл баспанаға газ кіргізіледі. Ал жергілікті белсенді азаматтар баспаналы болған отбасыға АСП алу бойынша құжаттарды жинап, көмек беріп жатыр.
«Осындай үй алуды армандап едік. Өте қуаныштымын. Арманым орындалды. Үлкен үйге кіріп жатырмыз. Рақмет сіздерге», – деді көпбалалы ана.
«Dauletten» қайырымдылық қоры 2019 жылдан бері мейірімді жандармен бірлесе мұқтаж отбасыларды баспаналы етіп келеді.
«Dauletten» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!