Жексенбі, 28 сәуiр, 04:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Депутат боқтағаны үшін айыппұл төледі

22.02.2024

403 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Жиналыс кезінде сөз арасында боқтап жіберген Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке айыппұл салынды. Сонымен қоса оған мәслихат тарапынан сөгіс берілгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке боқауыз сөз айтқаны “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айыппұл салынған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.

Өзінің Instagram парақшасында ол қателіктер үшін «барлығы жауапкершілікті өз мойнына алу керек және бұл заң алдында бәрі бірдей екендігінің жақсы үлгісі» деп жазған.

Сонымен ол алдағы уақытта экологиялық мәселелерге қатысты жұмыстарын жалғастыратынын айтады.

Бұған дейін Алматы мәслихаты Елеусізовтің балағат сөз айтуына қатысты оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оған сөгіс берілгенін жеткізген.

“Алматы қалалық мәслихатында бірден барлық депутаттардың қатысуымен әңгіме өтіп, оның барысында Тимур Елеусізовке депутаттық этиканы қатаң сақтау қажеттігі айтылып, әріптестері тарапынан сөгіс берілді”, – делінген пікірде.

Еске салайық, мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында Тимур Елеусізов баяндама оқып жатып, қиын сын есімді бірден оқи алмай, аузынан боғауыз сөз шығып кеткен

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: