Жұма, 29 наурыз, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Дидар» ансамблі кеш өткізді

15.06.2021

1161 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дидар» ансамблі 2000 жылы наурыз айында құрылған. Ансамблдің бағдарламасында халық әндері, күйлері, термелері мен қазақ  халық композиторларының шығармалары мен шетел шығармалары қамтылған.  Ансамбль тек қана қазақ сахнасында ғана емес, көптеген алыс жақын шет мемлекеттерде өз өнерін көрсетіп жүр. Өнер ұжымы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік  консерваториясы мен түлектерінен құралған.

2021 жылы ансамблдің құрамы 50 пайызға қайта жасақталып, музыкалық аспаптар 90 пайызға, репертуары 80 пайызға  жаңартылды.

Қазіргі таңда ансамблді жаңа деңгейге көтеру мақсатында көркемдік жетекшісі әрі дирижері қызметіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор Мүсілім Әмзе шақырылды. Есеп беру кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Жеңіс Ысқақова өз өнерін көрсетті. Жеңіс Ермағанбетқызы 2021 жылдан бастап университеттің «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады.

Ансамбль Түркия, Оңтүстік Корея елдерінде Сыр елінің өнерін паш еткен. Халықаралық «Шабыт» және Республикалық «Ғасырлар үні», «Жұбанов көктемі» фестивальдерінің бас жүлдесіне ие болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: