Бейсенбі, 09 мамыр, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Екпе алған келіншек төрт күннен кейін комаға түсті

31.07.2021

895 0

11 шілдеде комаға түскен әйел әлі есін жинаған жоқ, деп хабарлайды ЭК.

Маңғыстау облысының Құрық ауылының тұрғыны 6 шілде күні Спутник-V екпесінің бірінші компонентін алған. Екпе алған күні денсаулығына ешқандай шағымы болмаған. Келіншек ертесінде қызуы 37,3 градус болып өзін әлсіз сезінеді. 8 шілде күні дәрігерге қаралуға барып, 9 шілдеде «цистит» диагнозымен демалысқа шығып кетеді.

Енесінің айтуынша, 10 шілде күні келіншек дәмі бұзылған қарбыз жеген. Бір жарым сағаттан соң құсып, тамағы ісе бастаған. Туыстарының сөзінше, ол сол күні кешке дейін құсқан. Тек 11 шілде күні жедел-жәрдем шақырған.

«Сол күні бірден аудандық инфекциялық станционарға жатқызылады. Ауруханаға түскенде ес-түссіз болды. Жағдайы нашар болған соң санитарлық авиациямен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жасанды демалу аппаратына қосылған. Қажетті ем-домы жасалып жатыр», — деді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің жағдайы астан улану салдарынан нашарлап кеткен. Оның ес-түссіз қалуы екпенің салдары туралы нақты дәлел жоқ. Әзірге ешқандай сараптама жасалмаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: