Бейсенбі, 10 қазан, 10:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Екпе жұмыстары жүргізілуде

04.05.2021

1590 0

Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлімде санитарлық – эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақтала отырып, әскери қызметшілер арасында індеттің алдын алу мақсатында коронавирусқа қарсы вакцина егу жұмыстары жүріп жатыр.

Ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған екпе салу жұмыстары жалғасуда. Осы орайда, Қызылорда қалалық 4 емханасының медицина қызметкерлері бөлім әскери қызметшілеріне сапалы және барлық жағдайды жасай отырып екпе жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына негізінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады.

Вакцина егу алдында әрбір әскери қызметшіден екпе алдындағы барлық керекті медициналық тексерулер өткізіледі. Емхана дәрігерлері әскерилерге екпе салудың артықшылықтары мен өзі, отбасы және орта үшін маңыздылығын түсіндірді. Вакциналаудан өтудің негізгі екі себебі ол – өзіңді және айналаңдағы адамдардың денсаулығына бейжай қарамау.

– Екпе салу алдымен өзімнің денсаулығым үшін маңызды болғандықтан еш ойланбастан келістім. Осы әрекетім отбасым мен ортадағы адамдар саулығы үшін де маңызды деп ойлаймын. Бөлімнің әскери қызметшілеріне қолдау көрсетіп, екпе жұмыстарын салып жатқан емхана дәрігерлеріне алғысымды білдіремін», – дейді қатардағы жауынгер Қанағат Жаңабай.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

сержант  Мұхит Қонаров

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: