Жексенбі, 10 мамыр, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Ел бойынша 1 755 Аналар кеңесі жұмыс істейді

10.05.2026

34 0

Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

Ал кеңестің жұмысына 12 мыңнан астам адам атсалысып келеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Нәзипа Шанай Аналар кеңесінің қызметі, отбасы институтын нығайтудағы, ұлттық құндылықтар мен қоғамдық келісімді дәріптеудегі рөлі туралы айтты.

— Бүгінде еліміз бойынша 1 755 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Оның жұмысына 12 мыңнан астам адам атсалысып келеді. Кеңес қызметі отбасыға қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, сондай-ақ отбасы және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағыттарын қамтиды, — дейді Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы.

Айта кетейік, бүгін — Аналар күні. Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия сынды 20-дан астам мемлекетте тойланады. Қазақстанда да ана мәртебесін айқындайтын бұл күн ерекше мәнге ие.

Бұл ретте ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аналар күніне орай құттықтау жолдады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: