Жұма, 22 қараша, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Елімізде 102 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

14.07.2023

685 0

Қазақстанда 102 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің айтуынша, көрсеткіш маусым айында тіркелген. Жалпы, жаздың алғашқы айы қатты аптап ыстықпен басталды.

«Маусым айының бірінші онкүндігі қалыптан тыс ыстық болды. Күндізгі ауа температурасы өткен жылдардағы абсолютті максимумдардың рекордын жаңартты. Қазақстан бойынша көрсеткіш:

4 маусымда Қостанай метеостанциясында ең жоғары температура +38,2 градус тіркелді, бұл соңғы рет 1955 жылы (+35,5 градус) байқалған;
6 маусымда Қызылорда стансасында +41,6 градус ыстық тіркеліп, 2018 жылдың рекорды жаңарды, бұл кезде ауа температурасы +38,7 градус болған;
7 маусымда Петропавл станциясында ең жоғары температура +38 градусқа жетіп, 1998 жылғы рекордты жаңартты (+34,9 градус);
Сол күні Жезқазған метеостанциясында термометрлер +40,6 градусқа жетіп, 1990 жылғы рекордты (+40,6 градус) қайталады;
8 маусымда Павлодар стансасында абсолютті максимум +40 градусты құрап, 2010 жылғы рекордты жаңартты (+36,5 градус);
Сол күні Өскемен станциясында термометрлер +37,1 градусқа жетіп, 2008 жылғы рекордты жаңартты (+35,1 градус);
Бұл күні Түркістан метеостанциясында ауаның максималды температурасы +40,7 градус байқалды, осылайша 1921 жылғы рекорд (+40 градус) жабылды;
9 маусымда Тараз стансасында абсолютті максимум +38,9 градусты құрап, 2013 жылғы рекордты жаңартты (+36,9 градус);
Астанада бір ай ішінде ең жоғары ауа температурасы 6 маусымда тіркелді, ол кезде термометрлер +38,4 градусқа жетіп, 1939 жылғы рекордты (+35,7 градус) жаңартты», – дейді мамандар.

Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде Солтүстік теңіз аймақтарынан суық ауа массаларының біртіндеп ағыны жүргізілгені, осыған байланысты ауа температурасының төмендеуі байқалғаны хабарланды.

«Маусым айы республиканың басым бөлігінде жауын-шашын аз болды, алайда кей күндері еліміздің батысында және солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауды. Бұған циклондардың өтуі және облыс бойынша атмосфералық фронттардың шиеленісуі әсер етті. Маусымдағы жауын-шашын мөлшері 24 миллиметрді құрады, бұл норманың 60 пайызын құраса, бір айдағы норма 40 миллиметрді құрады», – деп қорытындылады «Қазгидромет».

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: