Бейсенбі, 11 маусым, 10:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Ауданда екі спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

11.06.2026

54 0

Қазалы ауданында бұқаралық спортты дамыту және ауыл жастары үшін заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жалғасуда. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында бой көтеріп жатқан екі спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.

Әйтеке би кентінде, Қазалы мәдени-демалыс кешені аумағында салынып жатқан спорт кешенінде ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимарат ішінде сылақ жұмыстары, кафель жапсыру, жылу жүйелерін орнату және абаттандыру жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Нысан заманауи стандарттарға сай жабдықталып, тұрғындардың еркін спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалуда.

Ал Қожабақы ауылындағы спорт кешенінде құрылыс жұмыстары толық аяқталу кезеңіне өтті. Бүгінде ғимараттың сыртқы жұмыстары тәмамдалып, ішкі әрлеу, сырлау және сәндеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік инфрақұрылым толық тартылып, нысанды пайдалануға беру бойынша соңғы дайындықтар жүргізілуде.

Аталған спорт кешендері пайдалануға берілген жағдайда ауыл тұрғындары үшін қолжетімді спорт алаңдары көбейіп, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, бұған дейін Бекарыстан би ауылында да жаңа заманауи спорт кешені ел игілігіне берілген болатын. Бұл жобалар Қазалы ауданында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі болып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: