Жексенбі, 28 сәуiр, 15:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде отаны қате жасаған дәрігерге жәбірленуші айыппұл төлемек

10.02.2023

727 0

Танымал блогер Айдын Тоқсанбаева өзін ұлына ота жасаған дәрігер сотқа беріп, сот үкімі шыққанын хабарлады. Сөзінше сот блогерді «дәрігердің ар-намысына» тиді деген үкім оқыған. Мұнымен қоймай төрт баланың анасына жарты миллионнан асатын айыппұл арқалатқан.

«Бүгін сіздерге жаңалық айтайын. Мен ұлымның оң көзіне жасалуы керек болған отаны сол көзіне жасаған дәрігерді сотқа берген едім. Бірақ сот істі жауып, қарамады. Жарайды. Біраз уақыттан кейін, дәрігер мені «шу шығарып, байбалам салды. Ар-намысыма тиді» деп сотқа арыз жазыпты.

Енді қараңыз. Мен бар дәлелмен оң көзді сол көзге шатастырған қағаздарды алып бардым. Сот істі жапты. Енді дәрігер жәбірленуші болып, бүгін Қарасай аудандық соты үкім оқыды. Дәрігер 3 миллион моральдық шығын сұрапты.

Оның өтінішін 100 мың деп қарап, тағы заңгерлер шығыны, басқасын қосып мені «600 мың теңге төлеуге міндетті» деген үкім оқылды. Мен ақшаға емес, әділетсіздікке жылап отырмын. Мен елден нем артық деп сол мемлекеттік больницада тұңғышыма ота жасатып едім. Әйтпесе, шетелге барып келіп, жұмыс істеп жүрмін. Сол ұлдың оқуының өзіне 6-7 млн теңге төлеп жатырмын.

Кез келген ақылы емхананың отасына ақшамды аямаушы едім. Тек сол ота болған күнгі жағдайымды ешқандай ана басынан өткізбесе екен деген ниетте шу шығардым. Оны мен жасай аламын. Баланың өмірі бәрінен қымбат. Мына соттың үкіміне айтар сөзім жоқ. Мен бәрінен көңілім қалды. Менің елім осындай болғанына қиналамын», – деді Айдын Тоқсанбаева.

Есте болса, Айдын Тоқсанбаева өткен жылдың күзінде ұлының көзіне ота жасатқан еді. Дәрігер оң көзге жасалуы керек отаны, баланың сол көзіне жасаған. Кейіннен блогердің сөзінше, дәрігер шатасқанын мойындаған. Бірақ ешқандай кері салдары болмайтынын да айтып ақталған еді.

Баланың анасы алғашқы сәтте қорқыныштан, басқалар осындай жағдайға түсіп қалмасын деп бүкіл желіні шулатты. Дәрігерді сотқа берген болатын, бірақ іс қарауға лайықсыз деп танылып, жабылды. Баланың жағдайы сол күні-ақ жақсы еді. Қазір де көзінен ешқандай ауырсыну белгілері жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: