Жексенбі, 08 желтоқсан, 05:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Елімізде қасқыр көбейді»– Экология министрлігі

23.09.2024

272 0

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ел аумағында қасқыр санының артқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта қасқырлар санының шамалы өсуі байқалады (2022 жылы – 13819 және 2023 жылы – 15181).

Ведомство қасқыр мен аюларды ату мүмкіндігіне қатысты да пікір білдірді.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына және 45-бабына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алу материалдары, олардың мекендеу ортасы, ғылыми зерттеулер мониторингі негізінде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны уәкілетті орган бекітеді. Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі, – деп хабарлады Экология министрлігі.

2023 жылға арналған биологиялық негіздемеге сәйкес 124 қоңыр аюды алып қоюға және 4383 қасқырды реттеуге квота белгіленді.

Ал биылға 176 қоңыр аюды (Тяньшань аюынан басқа) алып қоюға және 5947 қасқырды реттеуге квота белгіленді. Аюлар мен қасқырлардың саны артқан жағдайда оларды атуға арналған лимит ғылыми ұсыныстарға сүйеніп арттырылуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: