Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тарихында алғаш рет «Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша запастағы офицерлер даярланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, – деп хабарлайды kursiv.media
170-тен астам запастағы офицерлер мен сержанттар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында оқыды. Жыл қорытындысы бойынша, «киберқауіпсіздік» және «байланыс» мамандығы бойынша запастағы офицерлер оқуын аяқтап шықты.
Болашақ запастағы офицерлер ақпараттық жүйелерді қорғау және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл орындауды, заманауи байланыс құралдарын орналастыру мен пайдалануды меңгерді.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери даярлық бағдарламалары іске қосылғалы бері заманауи мамандықтар бойынша 190-нан астам запастағы офицер мен сержант дайындалды.
Ал 2025 жылдан бастап мұнда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бағыты бойынша запастағы офицерлерді даярлау қолға алынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
