Бейсенбі, 02 мамыр, 20:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізге жіберілген 43 тонна қызанақтан вирус анықталды

10.04.2023

692 0

Сурет: pixabay

Түркістан облысында шеттен жеткізілген 43 тонна қызанақтан вирус анықталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Өнім Сарыағаштағы шекара бекетінде тексерілген. Фитосанитариялық бақылау инспекторлары томат өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» мен «қызанақтың қола түстес тоспо вирустарын» тапқан.

«Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүк иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәті бұрыш, баялды өнімдерімен айналысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызға дейін елеулі зиян келтіреді», дейді облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.

Инспекторлардың сөзінше, томат өнімдерінің мұндай қауіпті вирусы соңғы үш жылда Еуропа, Азия мен Америкада тараған. 

Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде де анықталып отыр. Осындай карантиндік аурулардың енгізілуі мен өнімді зиянкестерден қорғау мақсатында тексерістер жіті жүргізіліп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: