Бейсенбі, 25 сәуiр, 01:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Енді балалар TikTok желісін  күніне тек 1 сағат пайдалана алады

03.03.2023

667 0

18 жасқа толмаған балалардың TikTok желісін пайдалану уақыты шектеледі. Бұл туралы TikTok-тың ресми сайтында жарияланды деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жақын арада 18 жасқа толмаған қолданушылардың TikTok желісінде отыру уақыты қысқарады. 

“Енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер желіде күніне 60 минут қана отыра алады. 1 сағат өткеннен кейін арнайы құпиясөзді сұрайды. Егер баланың жасы 13-тен кіші болса, TikTok желісін 1 сағаттан ұзағырақ көру үшін құпиясөзді ата-анасы жазуы керек болады. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қосымша 30 минут көруге рұқсат береді”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар балаға жауапты адам күніне қанша минут шектеу керегін өзі енгізуге мүмкіндігі бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: