Жексенбі, 28 сәуiр, 16:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Енді молдалар уағыз айта алмайды

29.02.2024

910 0

Сурет: stan.kz

Қазақстанда енді құран ұстап, таспих тартқандардың барлығы уағыз айта алмайды. Діни басқарма дүмше молдаларды анықтап, бұл құзіретті тек сүзгіден өткеніне ғана береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Астанада өткен алғашқы уағызшылар форумында Бас мүфти жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасын бекітті. Мұндағы басты мақсат — елді адастырып теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың ізін кесу, дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ал әлеуметтік желіде «домбыра — харам», «салт-дәстүрден алшақ жүрейік» деп кеуде соққандармен діни басқарма түсіндірме жүргізіп жатыр.

«Аллаға шүкір, біздің елден, біздің топырақтан әлемге әйгілі үлкен дін ғалымдары шыққан. Осы ата-бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі дәстүрлі ислам мен ұлт құндылықтары сабақтасып кеткен. Сондықтан ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу мақсат”, – деп түсіндірді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында ер адамның балаларға діннен ақылы сабақ беріп, оларды ұрып-соққаны туралы жазған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: