Сейсенбі, 21 сәуiр, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Еңбек министрлігі зейнетақы жинағы бойынша кеңес берді

21.04.2026

47 0

Фото: Zakon.kz.

Қазақстан азаматтары зейнетақыға қаражат жинауды еңбек қызметін бастаған сәттен-ақ қолға алуы тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, лайықты зейнетақы алу үшін жинақты ерте бастан қалыптастыру маңызды.

«Азамат еңбек жолын бастаған сәттен бастап-ақ зейнетақы туралы ойлануы керек. Мысалы, егер адам 22 жасында жұмысқа кіріссе, сол кезден бастап жинақ жасауы қажет. Яғни бірінші жұмыс күнінен бастап қаражат жинауды бастаған дұрыс», – деді Асқарбек Ертаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 20–35 жас аралығындағы жастардың зейнетақы жинағы жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сәйкес, шамамен 4 миллион азаматтың жинағы 500 мың теңгеден аспайды.

Министр бұл көрсеткіштің төмен екенін атап өтіп, жастарды ерте кезеңнен бастап тұрақты жинақ жасауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Асқарбек Ертаев жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін қысқарту жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: