Жұма, 03 мамыр, 23:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз сабаған

22.04.2024

369 0

Сурет:baq.kz

Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам кішкентай балаларының көзінше әйелін соққыға жықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 Lada.kz сайтының мәліметінше, сұмдық жағдай үйдің кіреберісіне орнатылған камераның арқасында әшкере болған. 

Видеода ер адам әйелінің қолын қайырып, аузын жауып үйдің кіреберісіне кіргізгенін көруге болады. 

Кейіннен ол әйелді босатып, жан-жағында адамдардың бар-жоғын қарайды. 

Ешкімнің жоқтығына көз жеткізген ер адам әйеліне қайта бас салады. 

Бұл ретте агрессор үйден адам шығып қалған соң ғана тоқтайды. Алайда зорлық-зомбылық лифтіде жалғасады. 

Қуанышқа орай лифтіге мінген әйел оны қуып шығады. 

Жантүршігерлік видеода әйелдің және оның балаларының жан ұшыра жылаған даусы, айқай-шу естіледі. 

Аталған жайтқа қатысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Айтуынша, агрессорға іздеу салынды.

Айта кетейік, 15 сәуірде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойған болатын. Дегенмен заң қабылданса да, отбасылық «тирандардың» құқыққа қайшы әрекеттері әлі де тыйылмай тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: