Дүйсенбі, 06 мамыр, 06:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ақтөбеде дәрігер қызды өлтірген күдікті полицейді жарақаттаған

24.04.2024

447 0

Сурет:el.kz

Ақтөбеде ер адам дәрігерді өлтіріп, полицейді жарақаттап қашып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

35 жастағы ақтөбелік ер адам қыздың пәтеріне терезесі арқылы кіріп кеткен. Тергеу мәліметі бойынша, ер адам дәрігерді пышақтап өлтіріп кеткен. Оқиға орнына патрульдік полиция инспекторы жеткенімен, суық қаруы бар ер адам оны да жарақаттап, қашып кетіпті. 

Күдікті ұсталған сәтте қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: