Сәрсенбі, 24 сәуiр, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ғ.Қазантаев: Елдің батасы тірлігімізді түлетіп, бірлігімізді бекемдей түседі

16.04.2021

2488 0

Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қызылөзек, Талсуат ауылдық округтері мен Белкөл кентіне барып, тұрғындармен кездесті.

Бұған дейін басқа да елді-мекендерді аралап халықтың ұсыныс-пікірі мен сауалдарын тыңдаған қала басшысы бүгінгі кездесуде де көпшілікті толғандырған көкейтесті мәселелерге назар салды.

Басқосуда тұрғындар тарапынан Айнакөлдің аяқ суы мен Талсуаттағы электр бағандарын ауыстыру мәселесі көтеріліп,  Белкөлде қарттарға арналған сауықтыру алаңын салса деген ұсыныстар айтылды.

Келелі жиында ауыл және кент әкімдері басқаруындағы аймақтардың жыл көлеміндегі экономикалық көрсеткіштері мен саяси ахуалы және егін маусымына дайындығы туралы хабарлама жасап, жұмыс жоспарына енген алда атқарылар негізгі шараларды да атап өтті.

Жаңа әкімнің алғашқы қадамына қолдау білдірген ауыл тұрғындары барлық бастамаларына табыс тілеп, ақ баталарын берді.

Өз кезегінде қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы «Қай салада, қай қызметте болсақ та елдің қолдауы, үлкендердің ақ батасы тірлігіміздің берекесін кіргізіп, бірлігімізді бекемдей түседі» – деп, ізгі лебізін білдірген ағайынға алғысын жеткізді.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: