Жұма, 19 сәуiр, 09:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ғабиден Мұстафиннің қызы коронавирустан қайтыс болды

26.05.2021

1162 0

Жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы, танымал аудармашы Майя Мұстафина 81 жасына қараған шағында қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 мамырда кешке Майя Мұстафина коронавирустан қайтыс болды. Ол биыл 2 мамырда 80 жасқа толған.

«Өте көп жұмыс істегеніне қарамастан, бізге керемет ана болды. Не істесе де отбасына жеткілікті уақыт бөлетін. Жануарларды қатты жақсы көретін еді. Белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданды. Ол көпшілікті жақсы көретін еді», – деді Майя Мұстафинаның қызы Тоғжан Сейфуллина.

Мустафина Майя 1941 жылы 2 мамырда жазушы Ғабиден Мустафин мен Зейне Мустафинаның отбасында дүниеге келген. Мәжит Сейфуллиннің ұлы, Амангелдінің жары.

30 жыл бойы Алматы қаласындағы қазіргі ҚазХҚ және ӘТУ шет тілдер кафедрасында сабақ берген.

80-жылдардың соңынан ҚазКСР мұражайында (қазіргі Орталық мемлекеттік музей) жұмыс істеді. 90-жылдардың басынан ортасына дейін БУИГ француз фирмасында аудармашы болып жұмыс істеген.

«Ол республикадағы француз тілі саласындағы үздік мамандардың бірі болды. Оның көп оқушысы жоғары лауазымдарға ие. Олар: дипломаттар, педагогтер және саясаткерлер», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: