Жексенбі, 28 сәуiр, 14:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Гүл үшін қызметкерлерді көлікпен жаншыған

17.05.2023

718 0

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Мырзакент елді мекенінде жергілікті тұрғын көлігімен көпшілік демалатын аллеяға баса көктеп кіріп, демалыс орнының қызметкерін басып өткен. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.

Түркістан облысында Mersedez Benz көлігінің жүргізушісі ер адамды үш мәрте басып, жаншып өткен. Аллеяда серуендеп жүрген өзге адамдар жан-жаққа қашып үлгерген.

Отбасымен сол алаңда ойнап жүрген жігіт жаңадан егілген гүл көшеттерін бүлдіріп алған. Ер адам күзетшінің ескертуін елемегендіктен, аллея директоры әрі аудандық мәслихаттың депутаты мен оның тағы бір қызметкері келіп, ескерту береді. Бірақ әңгіменің аяғы жанжалға ұласып, демалыс орнының қызметкері гүлді бүлдірген азаматқа жұдырық жұмсайды. Ашуға булыққан тұрғын көлігіне мініп, қызметкерді үш мәрте жаншып өткен. Соның салдарынан жәбірленуші ауыр жарақаттанып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

“Қазіргі таңда екі тарапқа да қатысты ҚК 106-бабы және ҚК 293-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қасақана шабуыл бойынша күдікті қамауға алынды”, – деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Сейділдаев.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бақылауында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: