Жексенбі, 26 сәуiр, 22:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2242)
25.04.2026
PDF мұрағаты

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

26.04.2026

61 0

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан мен Өзбекстан кітапханаларындағы жазба мұраны сақтау бағытындағы халықаралық жоба аясында тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Жобаның мақсаты – Орталық Азиядағы жазба мұраны сақтау мен қалпына келтіру ісімен айналысатын мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру.

Дәрістерді Грекия мен Түркиядан келген халықаралық сарапшылар жүргізді. Оқытуға Қазақстанның әр өңірінен келген 30 реставратор қатысты. Бес күн бойы қатысушылар көне қолжазбаларды сақтау мен қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін, тарихи кітап түптеу ерекшеліктерін зерттеу және жазба мұраларды қалпына келтіру әдістерін меңгерді.

Бұл бастама құнды қолжазбаларды сақтауға, реставраторлардың кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: