Сенбі, 24 ақпан, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Кәріз құдығынан 2 жасар баланы құтқарғаны үшін марапатталды  

24.08.2022

782 0

Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен 2 жасар баланы аман алып қалған 15 жастағы Арман Аманжоловты тәртіп сақшылары марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімді қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, көрсеткен батылдығы үшін алғыс білдірді. Құрмет грамотасы мен қол сағаты салтанатты түрде табыс етілді.

Еске сала кетейік, 19 тамызда Қызылордада төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалған еді.

Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы – электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт. Алдында екі әпкесі, екі ағасы бар Арман үйдің кенжесі екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: