Дүйсенбі, 07 қазан, 07:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды

09.04.2021

2053 0

Қызылорда облысында мерекелік шараның бірінде карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде облыста бұл бағытта 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Оның құрамында полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері мен еріктілер бар. Барлығы 128 маман карантин талабы сақталуын қадағалауға жұмылдырылған.

«Қазіргі таңда карантин талаптары еңбек ұжымдарының барлығында бірдей сақтала бермейді. Наурыз айында өткен мерекелер барысында карантин талаптарын сақтамаған бірқатар ұйымдар мен мемлекеттік қызметшілерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұл салынды», – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова. Ведомство мәліметінше, осындай салғырттыққа облыстағы ауыл әкімінің бірі жол берген. Ол ұжымдық іс-шара кезінде бетперде кимей, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы заңнамасы талаптарын бұзған. Ендігі кезекте ол 230 АЕК әкімшілік айыппұл төлейді.

Өңірде оқу жылының төртінші тоқсан басталғалы бері білім мекемелерінде 29 карантин талабын бұзу дерегі анықталған. Оған қоса, халыққа бетпердесіз қызмет көрсеткені үшін медициналық және мемлекеттік ұйым қызметкерлеріне де айыппұл салынған. «Арнайы мониторинг топтары карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін күн сайын тексеру жүргізуде. Мәселен облыс орталығының өзінде 1500-ден астам нысан мен тұрғын үй араланды.

Оның ішінде, карантин талаптарын сақтамай той және басқа да рұқсат етілмеген мерекелік шаралар жасаған 83 жағдай анықталды. Ал 52 нысанға құзырлы орган арқылы әкімшілік шара қолданылды», – деді арнайы мониторинг тобының жетекшісі Ләззат Бақтыбаева. Айта кетейік, Қызылордада жыл басынан бері карантин талабы 137 мәрте бұзылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: