Сенбі, 04 мамыр, 04:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Көлік жуушы көлікті сұраусыз айдап, жол апатына ұшыраған

29.06.2023

566 0

Жетісай аудандық ішкі істер бөліміне «Тойота Камри» көлігін көлік жуу орнына қалдырған әйел жүгінген.

Белгілі болғандай, көлік жуу орнының қызметкері көлікті сұраусыз айдап әкетіп, тізгінге ие бола алмай, басқа көлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін көлік сырғанап, жол жиегіне шығып, аударылып қалған.



Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы «Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша тіркелді. Полиция азаматты ұстаған. 

Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: