Жұма, 19 сәуiр, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Лаңкестер мен педофилдердің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды

14.02.2024

333 0

Сурет: massaget.kz

Мәжіліс лаңкестер мен педофилдердің елге кіруін шектейтін заң қабылдады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Депутат Магеррам Маггерамовтың айтуынша, бұл заң жобасын бір топ депутат «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жетілдіру және өзге де заңнамалық актілерді Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін әзірлеген.

Заң жобасында мынадай ережелер бар:

  • Төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеу.
  • Көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды іске асыру тәртібін айқындау;
  • Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін сотталған шетелдіктерге елімізге кіруді және елдің азаматтығын алуды шектеу;
  • Экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу;

Магеррам Маггерамов заң жобасын қарау барысында депутаттар бірқатар түзету енгізген мәлімдеді:

  • «Қандас» мәртебесін беру, сондай-ақ, Қазақстанның азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтіру рәсімін жетілдіруге;
  • Қабылдаушы өңірлерде қоныс аударушылар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін иеліктен шығару құқығынсыз конкурстан тыс тәртіппен алуға және қолданыстағы заңнамада белгіленген ең төмен мөлшерден аспайтын көлемде қолайлы жағдай жасауға;
  • «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға төленетін, көшуге, тұрғын үй жалдау және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге арналған мемлекеттік субсидияларды қорғауды қамтамасыз етуге;
  • Еңбек ететін көшіп-қонушыларға 1 айдан 12 айға дейін еңбек ету рұқсатын алуға мүмкіндік беруге және басқа да түзетулерге байланысты түзетулер енгізілді.

Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заң жобасын қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: