Бейсенбі, 02 мамыр, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

МӘМС жүйесінде бір жыл бұрын қалай дұрыс сақтандыруға

20.06.2023

676 0

МӘМС жүйесінде «сақтандырылмаған» азаматтар, сондай-ақ жүйеге бір де бір рет төлем жасамаған немесе оны жүйесіз жүргізген

дербес төлеушілер болашақ 12 айға «сақтандырылған» мәртебесін алудың

тиімді әдісін жіберіп алмауға тырысады. Жарналарды төлеудің баламалы тетігі өткен жылдың 5 қыркүйегінен  бастап іске қосылды. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»  заңға сәйкес, сақтандырылған мәртебесін алғысы келетін азаматтың соңғы немесе алдағы 12 айға төлемі болуға тиіс. Қазір Қызылорда облысында медициналық сақтандыру жүйесімен 693,4 мың адам қамтылған. Бұл аймақ халқының 84,4% құрайды. Ал қалғандарында сақтандырылған мәртебесі жоқ. Себебі, олардың көбі тұрақсыз төлеушілер. Бұл азаматтар бір жылға алдын ала сақтандырылған мәртебесін ала алады, деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов. «12 айға төлемді дұрыс жасаған азаматтарға 3 күннің ішінде    «сақтандырылған» мәртебесі беріледі. Қорға: «Мәртебем қашан іске қосылады? Мен 1 жылға толық төлеп шықтым ғой», – деп хабарласатын азаматтар жетерлік. Мән-жайды анықтай келе, олардың шатасып немесе қате төлем жасағаны анықталады. Сол себепті төлем жасамас бұрын барлығын нақтылап алған жөн», – дейді Бақыт Торғайбайұлы. Дербес төлеушілер төлем жасаған кезде әр түрлі қате жібереді. Оларды мысалмен түсіндіруді шештік.

 Алдағы 12 айға төлем жасап, сақтандырылған мәртебесін алу

Мысалы, қазір маусым. 12 айға алдын ала төлем жасаған кезде 2023 жылдың маусымнан 2024 жылдың мамыр айына дейін дербес төлеуші ретінде жеке-жеке 3500 теңгеден төлеп шығу керек. «Азаматтар 12 айға төлем жасағанда көп қателеседі. Біреулер бір жылға бір төлеммен төлеп тастайды. Енді біреулер осы жылдың қаңтарынан желтоқсанға дейін немесе ағымдағы айдан жыл соңына дейін төлеп шығады да сақтандырылған мәртебесі берілмеді деп хабарласады. Дұрысы, алдағы 1 жылға төлем жасағысы келсе, ағымдағы айдан бастап барлығы 12 айға жеке жеке әр айды, жылын көрсетіп төлеу керек. Басқа мерзімге шатасып төлеп қойған азаматтар ақшасын қайтарып ала алады. Ол үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып, түбіртектерді қоса тапсыру қажет», – дейді Бақыт Торғайбайұлы.

Тағы ескеретін жайт, егер ағымдағы айдың аяқталуына шамалы күндер қалса немесе осы айда медициналық көмекке жүгінуді жоспарламасаңыз, келесі айдан бастап төлем жасаған жөн. Яғни, маусым айының соңында 2023

жылдың шілдесінен бастап 2024 жылдың маусымына дейін төлеп шыға аласыз. Жыл бойы пациенттің сақтандырылған мәртебесі болады.

МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» филиалдары арқылы төлеуге болады. Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:

·        fms.kz ресми сайты,

·        Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

·        Telegramдағы SaqtandyryBot.

Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық

сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне

медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және

аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы

ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру

жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы

ақпарат алуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: