Дүйсенбі, 06 мамыр, 00:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мәслихат депутаты қамауға алынды

03.03.2024

503 0

Сурет:bleepingcomputer.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Павел Булаевты ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Тазалау, су өткізгіш және дренаждық құрылыстар» МКҚК директорының орынбасары Павел Булаевтың ұсталғанын растады. Олар бұл іс оның негізгі қызметіне байланысты екенін атап өтті.

«Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Булев уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Павел Булаев бір жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты боп тағайындалды. №13 аумақтық бір мандатты округі бойынша Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: