Жексенбі, 05 мамыр, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Майқайыңда тағы бір төтенше жағдай орын алды

21.02.2024

569 0

Сурет: massaget.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Павлодар облысының Майқайың кентінде тағы бір төтенше жағдай болды. Кентті ауыз сумен жабдықтайтын құбырдан ақау шыққан. Ақаудың учаскесі «Екібастұз қалалық су арнасы» МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 шақырым қашықта орналасқан, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға болған жерге өңір басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының әкімі, сондай-ақ, облыс ТЖД бастығы барып, жедел штаб ұйымдастырылды.

«Ақаудың себебін анықтау және жою жұмыстарын «Екібастұз қалалық су арнасы» МКК күштерімен жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына 30 адам және 10 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, сол жерде Павлодар облысы ТЖД және «Майқайың-алтын» АҚ мамандары жұмыс істеп жатыр», – деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпаратта атап өтілгендей, Майқайың кентінің тұрғындары судан ажыратылған жоқ. Сумен жабдықтау төмен қысымда жүргізіліп жатыр. Анықталған ақау жойылғаннан кейін толыққанды беру қайта басталады. Айта кетерлігі, Майқайың кентінде 10 мыңға жуық халық тұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: