Жұма, 19 сәуiр, 20:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Медиацияның тиімділігі талқыланды

09.09.2021

863 0

Бүгін Достық үйінде «Медиация туралы» Заңының қолданылуы аясын кеңейту және оның іске асуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында құрылған қалалық жұмысшы топтың отырысы өтті.

Кездесу барысында «Медиация тиімділігі», «Медиация қызметін бірлесе жүргізу» тақырыптарында баяндама жасалып, «Бітім» Медиация орталығы қоғамдық бірлесітігінің кәсіби медиатор маманы Жанна Мирамбекқызы дауды медиация тәртібімен шешу жолдарына тоқталып өтті.

Айта кету керек, қалалық ішкі саясат бөлімінің «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында Бітім Медиация Орталығымен білім беру ұйымдарында, қала орталығындағы мекемелер мен кәсіпорындарда азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бағытында кездесулер және мектеп психологтарының біліктілігін арттыру мақсатында оқу семинарлары мен курстар өткізілуде.

Сондай-ақ, кәсіби медиаторлар қызметінің қолжетімділігін арттыру мақсатында қалалық әкімдік ғимаратының жанында орналасқан «Азаматтарды қабылдау орталығында» карантиндік талаптарды сақтай отырып «Отбасылық кеңес орталығы» қызмет көрсетуде. Орталықта қала тұрғындары дүйсенбі-жұма аралығында үзіліссіз кәсіби медиаторлардың көмегіне жүгіне алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: