Жұма, 26 сәуiр, 09:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Мемлекет 116 680 теңге төлейді»: Отбасы банк мәлімдеме жасады

01.02.2023

786 0

Сурет: Спутник.кз

Отбасы банк 10 жыл еңбек өтілі үшін мемлекеттен 116 680 теңге алуға болады деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Sputnik.kz.

Қазнетте 10 жыл еңбек өтілі бар азаматтар Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге ала алады деген ақпарат тарады. Алаяқтар мемлекеттен берілетін төлем Отбасы банктегі шотқа аударылатынын айтады. Осылайша азаматтардан сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp нөміріне «сәлем» сөзін жіберуді сұрайды.

Алайда Отбасы банк бұл ақпарат фейк екенін мәлімдеді.

«Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», – делінген Отбасы банктің хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: