Жексенбі, 28 сәуiр, 06:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы еңбекқор адамның табысқа жететінін мәлімдеді

15.03.2024

344 0

Мемлекет басшысының айтуынша “жастардың еліміздің барлық аймағын бірдей жақсы көріп, еліміздің дамуына үлес қосқаны абзал”. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі aqorda_resmi telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Қазақстан – барша азаматтарымыздың ортақ отаны, қастерлі мекені.

“Оның қай түкпірі де – біздің туған жеріміз. Мен облыстарға сапар кезінде жастардың көбі туған ауылынан сыртқа шығуға құлықсыз екенін байқаймын. Менің тапсырмаммен алдыңғы жылы батыс аймақтың жастары үшін 10 мың білім гранты бөлінді. Өкінішке қарай, сол гранттың көбі игерілмей қалды. Сондықтан грант санын еселеп қысқартуға тура келді. Яғни, жастарымыз қолда бар мүмкіндікті пайдаланбай отыр.

Өмір бойы бір жерде, бір ауылда отырған жастардың келешегі және көзқарасы қандай болады? Бұл сұрақтың жауабы – анық. Айтпаса да түсінікті. Шын мәнінде, бұған үлкендер де кінәлі. Көбінесе, ата-аналар баласын алысқа жібергісі келмейді. Соның кесірінен көптеген жастар еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз болып, әлеуметтік жәрдемақыға қол жайып отыр. Бұл – масылдық деген сөз», – дейді Тоқаев.

Президент өзінің мемлекет басшысы ретінде азаматтардың, әсіресе, жастардың көзі ашық, дүниетанымы кең болғанын қалайтынын жеткізді.

“Өз кәсібін өте жақсы білетін, оған әбден берілген, еңбекқор адам ғана табысқа жете алады. «Туған жерге туың тік» дейді халқымыз. Өте мағыналы өсиет. Жас ұрпақ бұл сөздің мән-мағынасына терең бойлауы қажет”, – дейді мемлекет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: