Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормасы

23.08.2024

90 0

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған.
Қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді: адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету; адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас; әділдік – жеке және заңды тҧлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу; ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету; сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау; клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Этикалық қағидаттар халықтың мемлекеттік институттарға және іске асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа деген сенімінің жалпы деңгейін қолдаудың негізі болып табылады.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерді кодексті және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды жұмыстан тыс уақытта да сақтауға міндеттейді. Себебі қызметтен тыс уақыттағы келеңсіз көріністер мемлекеттік қызметтің беделін түсіруге алып келеді.
Қызылорда облысының Әділет департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік нормаларын сақтау бойынша тұрақты түрде профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетіледі. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген азаматтарға мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебінің стандарттарын сақтау бойынша оқыту жұмыстары ұйымдастырылды. Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілермен кодекс талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жалғасын таба береді.

Эльмира Абдыкаликова

Қызылорда облысының Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: