Жұма, 03 мамыр, 06:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мереке қарсаңында көпбалалы аналарға біржолғы төлем беріледі

04.03.2024

480 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Мереке қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін 21 861 әйел біржолғы төлем алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Осакаров және Шет аудандарында мерекеге орай төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналарға және «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға ақша аударылмақ.

Балқашта көпбалалы аналар, Құрметті азаматтар, тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, еңбек ардагерлері, белсенді емес тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, белсенді емес жалғыз тұратын әйелдер, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің әйелдеріне төлем аударады.

Саранда төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға, мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Абай ауданында ХӘОТ, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, түрлі саладағы қызметкерлерге бөлінеді.

Ақтоғай ауданында төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, аз қамтылғандарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге (әйелдерге) беріледі.

Бұқар жырау ауданында аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан әйелдер, мүгедектер, зейнеткерлер және ХӘОТ қаржылай қолдау көрсетіледі. Қарқаралы ауданында 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға, аз қамтылған, мүгедектерге беріледі.

Нұра ауданында аз қамтылған, көпбалалы аналар, жастар біржолғы қолдау алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: